Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуетін арттыра түсу керек

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мұше болуына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ел президенті Twittter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан Біріккен ұлттыр ұйымына 30 жыл бұрын – 1992 жылы 2 наурызда кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958810-toqaev-geosayasi-axual-usyga-tusken-qazirgi-kezde-buu-nyn-aleuetin-arttyra-tusu-kerek/

pixel