Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек депутаттық ант қабылдады

Опубликовано:

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек. Фото: instagram.com/sayasatnurbek

Саясат Нұрбек Мәжілістің жалпы отырысында алғаш рет депутаттыққа сайланғаны үшін Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбек өз сөзінде халық игілігі үшін Мәжіліс мүшелерімен бірге жұмыс істеу өзіне үлкен жауапкершілік әрі құрмет екенін атап өтті.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді жаңадан Мәжіліс қатарына қосылған депутат жалпы отырыста.

Саясат Нұрбек халыққа және осы отырысқа қатысушыларға алғыс білдірді.

"Жаңа әріптесімізді бүкіл депутаттық корпус атынан шын жүректен құттықтап, жұмысыңызға табыс тілейміз", - деді өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Саясат Нұрбек құрамында Дариға Назарбаева болған Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетіне сайланды.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Мәжіліс депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958815-sayasat-nurbek-deputattyq-ant-qabyldady/