Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Опубликовано:

Қазақстан мен Ұлыбритания тулары
Фото: 24.kz

Ұлыбритания парламентіндегі мәлімдемеге қатысты осы елдің Қазақстандағы елшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілісте тілшілер Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына Қазақстанға қатысты санкциялар туралы сұрақ қойды.

"Ұлыбританияның парламентінде бір депутат сондай бір мәдімдеме жасаған. Біз Ресей мен Украина арасындағы қарама-қайшылықтарға тікелей қатысып отырған тарап емеспіз. Сондықтан аталған уәж бізге түсініксіз. Біз бүгін Ұлыбританияның елшісін ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырдық. Осы орайда ол бізге толық түсіндірме беруі тиіс", - деді Шахрат Нұрышев.

Осы орайда ол Қазақстан жағы барлық мемлекеттермен түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрі де түрлі халықаралық платформаларда сөз сөйлеп жатыр", - деді Ш. Нұрышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958850-ulybritaniyanyn-qazaqstandagy-elsisi-qr-syrtqy-ister-ministrligine-saqyrtyldy/

pixel