Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту жоспарланып отыр ма

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов палата кулуарында Nur Otan партиясын Amanat деп өзгерту мәселесіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, ол ел астанасының атауын өзгерту жоспарланып отыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ондай сұрақ күн тәртібінде жоқ", - дейді Ерлан Қошанов елорда атауын өзгерту туралы сауалға қатысты.

Ал журналистердің "депутаттар бұл сұрақты күн тәртібінде көтеруді жоспарлап отырған жоқ па" деген сауалына палата спикері:

"Жоқ, көтермейді", - деп жауап қатты.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов басқарушы партия атауының өзгеруіне қатысты пікір білдіріп, уақыт өзгерген сайын қоғам да өзгеретенін еске салды.

"Біз қаңтардағы оқиғалардан кейін жаңа мемлекетте оянғандай болдық, мемлекетке қарсы терактіден кейін партия жаңа сын-қатерлерге дайын болуға тиіс. Партия қоғамнан бөлек өмір сүрмеуі керек.

Біз өңірлерде болдық және халықтың партия жұмысына деген сұранысын көрдік, сондықтан атауын өзгерту туралы шешім қабылдадық", - дейді мәжіліс спикері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958884-nur-sultan-atauyn-astana-dep-ozgertu-zosparlanyp-otyr-ma-mazilis-spikeri-zauap-berdi/

pixel