Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы мен оның отбасына берілген айрықша кепілдіктердің күші жойыла ма: Мәжіліс төрағасы жауап берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: elbasy.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне берілген айрықша кепілдіктердің күші жойыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Қошанов мұндай мәселе күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

"Мәжіліс жоспарында жоқ. Оның күшін не себепті жоюымыз керек?", - деп мәжіліс спикері сұраққа сұрақпен жауап берді.

Қошановтың сөзінше, тиісті заң қабылданған.

"Ол - тарихи тұлға. Елбасының тарихтағы рөлін ешкім жоққа шығара алмайды деп ойлаймын, бұл жайында мемлекет басшысы бірнеше рет айтты. Заңға келер болсақ, заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді.

Бүгінде Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы - президент. Ассамблеяға қатысты норманы да алып тастадық. Сыртқы және ішкі саясатты Елбасымен келісу керек деген норманы да алып тастадық. Тек Елбасы мәртебесі туралы норма қалды. Бұл - конституциялық норма және бұл сұрақ күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселені ешкім көтеріп жатқан жоқ", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958890-elbasy-men-onyn-otbasyna-berilgen-aiyryqsa-kepildikterdin-kusi-zoiyla-ma-mazilis-toragasy-zauap-berdi/

pixel