Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Песков: Ресей делегациясы бүгін украиналық тарапты келіссөздер өтетін орында күтетін болады

Опубликовано:

Дмитрий Песков
Дмитрий Песков. Фото: Sefa Karacan/Anadolu Agency via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабын бүгін кешке қарай келіссөздер өтетін орында күтетін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер бүгін кешке өтуі мүмкін екені жайлы ақпарат тараған еді.

Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, Ресей делегациясы украиналық тарапты бүгін кешке қарай күтетінін мәлімдеді.

"Онда расымен белгілі бір қарама-қайшы ақпарат бар. Бірақ мен қарама-қайшы ақпаратқа қай бөлігі жатпайтынын айтайын. Бүгін кешке таман біздің делегация украиналық делегацияны күтетін болады", - дейді ол.

Дегенмен, Песков келіссөздер өтетін орынды алдын ала айта алмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол алдағы келіссөздерден не күтуге болатыны жайлы да жақ ашпады.

"Осы жағдайды шешуге қажетті барлық шарттарды Ресей президенті бірнеше рет нақтылап айтқан болатын", - дейді Дмитрий Песков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958897-peskov-resei-delegaciyasy-bugin-ukrainalyq-tarapty-kelissozder-otetin-orynda-kutetin-bolady/

pixel