Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Омарбеков Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Бауыржан Омарбеков
Бауыржан Омарбеков. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2005 жылы "Қазкоммерцбанк" АҚ менеджері қызметінен бастаған.

  • 2006-2009 жылдары "Қазкоммерцбанк" АҚ операция бөлімінің менеджері, сектор меңгерушісі, "Тұран Әлем Банкі" АҚ әмбебап кредит беру секторының үйлестірушісі;
  • 2009-2013 жылдары "БТА Банк" АҚ шағын несиелендіру бөлімінің бастығы;
  • 2013 жылы "Альянс Банк" АҚ директорының орынбасары;
  • 2013-2015 жылдары "Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы" ЖШС директоры;
  • 2015 жылы ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметте болған.
  • 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;
  • 2016-2018 жылдары ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары;
  • 2018-2021 жылдары Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958929-bauyrzan-omarbekov-ulttyq-ekonomika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel