jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ертең президенттің төрағалығымен реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    3 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

    "Ертең, 3 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді.

    Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ.

    Кеңес отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды", - деп жазды Берік Уәли.

    Еске сала кетсек, бүгін, 2 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткен болатын.

    Ертең президенттің төрағалығымен реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.