Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина бүгін кешке Ресеймен келіссөздердің екінші кезеңі болатынын растады

Опубликовано:

Зал
Көрнекі фото: facebook.com/belarusmfa

Бүгін, 2 наурызда Ресей және Украина өкілдері арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтуі тиіс. Ақпаратты Украина президентінің кеңсесі растаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Владимир Зеленскийдің кеңсесі келіссөз кешке жүргізілетінін хабарлаған. Келіссөздерге алғашқы кездесуде келген делегация қатысады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы алғашқы келіссөздер 28 ақпанда Беларусь мемлекетінің аумағында өткен болатын.

Алайда Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеумен келіссөздер жүргізу барысында Киев әзірге қажетті нәтижеге қол жеткізбегенін мәлімдеген еді.

"Ресей өз ұстанымдарын жариялады, ал біздің тарабымыздан соғысты тоқтату үшін тиісті жауап болды. Делегация Киевке келген соң көтерілген мәселелерді талдап, екінші кезеңге өту мәселесін шешеміз", - деген болатын Украина президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958941-ukraina-bugin-keske-reseimen-kelissozderdin-ekinsi-kezeni-bolatynyn-rastady/

pixel