Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынға премьер-министр Әлихан Смайылов, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, өңірлердің әкімдері қатысты.  

Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды.

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Жиын барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин және басқалар баяндама жасады.

Фото
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958946-toqaev-qarzy-monitoringi-agenttigine-elimizdegi-zansyz-maining-maselesin-tubegeili-sesudi-tapsyrdy/

pixel