Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды

Опубликовано:

Үкімет үйі
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

"Жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады", - делінген үкімет хабарламасында.

Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірген.

Сонымен қатар, жедел штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады.

Одан бөлек, бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жедел штабтың алғашқы отырысы өткен, онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958953-ukimette-dagdarysqa-qarsy-saralar-zonindegi-zedel-stab-quryldy/

pixel