Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зеленский11
Фото: Ақорда

Украина тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтқан.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келіскен.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958958-memleket-bassysy-zelenskiimen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel