Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Тоқаевпен болған әңгімесі жайында хабарлады

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Will Oliver/EPA/Bloomberg via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-дегі ресми парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін хабарлады.

"Президент Тоқаевпен болған әңгіме қазір ғана аяқталды. Аймақтағы қауіпсіздікке байланысты күрделі жағдай талқыланды. Біз гуманитарлық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа келістік. Біз байланыстамыз", - деді Зеленский.

Еске сала кетейік, Ақорданың ресми сайтында Қазақстан мен Украина президенттерінің телефон арқылы сөйлескені туралы толық ақпарат жария болды. Баспасөз қызметі телефон арқылы тілдесу украин тарапының бастамасымен болғанын атап өтті. Мемлекет басшылары Украинадағы жағдай туралы пікір алмасқан.

Бұған дейін Тоқаев Украина мен Ресейді жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959030-zelenskii-toqaevpen-ne-turaly-soileskenin-xabarlady/

pixel