Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аса маңызды екенін айттым": Тоқаев Путин және Зеленскиймен не туралы сөйлесті

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жайында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жайлы туралы айтып берді.

"Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөз арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік", - деді ел президенті желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясының кезектен тыс съезінде Украинада орын алған жағдайға қатысты пікір білдіріп, екі елді өзара келісімге келуге шақырған еді.

"Екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа амал жоқ. Жанжалдан гөрі нашар болса да, татулық артық. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмек түрлерін, соның ішінде делдалдық қызмет көрсетуге дайын. Егер, әрине, олар қажет болса", - деген еді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959040-asa-manyzdy-ekenin-aittym-toqaev-putinmen-ne-turaly-soilesti/

pixel