Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешбір тарапты қолдамаймыз": Қорғаныс министрлігі Ресей мен Украина қақтығысы туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Ресей мен Украина тулары
Көрнекі фото: Lori

Сенат отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі тарапты да қолдамаймыз, бұл тұрғыда сұрақ туындамауы керек", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қамалетдинов Қазақстан қарулы күштерінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы туралы сұраққа да жауап берді.

"Әрине, бұл мәселе барлығын алаңдатады. Кешегі кездесуде министр сендіргендей, Қарулы күштер өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын деп үміттенеміз.

Қауіп қайдан келіп жатқанын қарауымыз керек. Егер ол сырттан келетін болса, әрине, біз ҰҚШҰ-ға кіретін мемлекет ретінде көмек көрсететін ұжымдық жедел күштерді пайдаланамыз", - деп түйіндеді сөзін Сұлтан Қамалетдинов.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескен болатын. Одан кейін мемлекет басшысы әріптестерімен болған екі әңгіменің де жай-жапсарын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959075-esbir-tarapty-qoldamaimyz-qorganys-ministrligi-resei-men-ukraina-qaqtygysy-turaly-pikir-bildirdi/

pixel