Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жайында пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959100-toqaev-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirziyoevpen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel