Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арменияның жаңа президенті сайланды

Опубликовано:

Ваагн Хачатурян
Ваагн Хачатурян. Фото: armenpress.am

Армения парламенті Ваагн Хачатурянды ел президенті етіп сайлады. Оның кандидатурасына "Азаматтық келісім" фракциясының 71 депутаты дауыс берген, деп хабарлайды Sputnik Армения.

Басылымның жазуынша, алғашқы кезеңде билеуші партияның депутаттары жоғары технологиялар индустриясы министрі болған Ваагн Хачатурянды сайлай алмаған. Ол кезде Хачатурянға 10 дауыс жетпей қалған.

Екінші кезеңде де сайлануға қажетті дауыс жеткіліксіз болады деп болжанған.

Алайда "Айастан" және "Честь имею" оппозициялық фракцциялары кандидаттарын ұсынбаған және бұл мәселені талқылауға байкот жариялаған.

Айта кетейік, Арменияның бесінші президентін ұлықтау рәсімі сайланғанына 10 күн болғанда парламенттің арнайы отырысында өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Армен Саркисяннің Армения президенті ретіндегі өкілеттігі ресми түрде тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959120-armeniyanyn-zana-prezidenti-sailandy/

pixel