Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Amanat партиясынан мәжіліс депутатының бос мандаты ақын Аманжол Әлтайға берілді

Опубликовано:

Аманжол Әлтаев
Аманжол Әлтай. Фото: Instagram/amanzhol_altai

Amanat партиясынан мәжіліс депутатының бос мандатын ақын Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін Саяси кеңес бюросының қаулысымен AMANAT партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.

Тиісті шешім орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға.

Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", - дейді Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959138-aqyn-amanzol-altai-mazilis-deputaty-bolyp-sailanady/

pixel