Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі басталды (фото, видео)

Опубликовано:

Келіссөздер
Фото: twitter.com/Podolyak_M

Беларусьтің Брест облысында Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі басталды.

Ақпаратты РИА Новости тілшілеріне Беларусь СІМ баспасөз хатшысы Анатолий Глас растаған.

Келіссөздер басталмас бұрын делегаттар бір-бірімен қол алысқаны атап өтілді. Басылым оқиға орнынан кадрлар жариялады.

Бұған дейін ресейлік делегация басшысы Владимир Мединский Ресей әскери-техникалық, гуманитарлық-халықаралық және саяси аспектілерге арналған үш бөліктен тұратын ұсыныстар блогын жасақтағанын хабарлады.

Ал Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк Twitter парақшасында келіссөздердің басталғаны және украин делегациясы қарастыруға ниетті мәселелер туралы хабарлады.

"Ресей өкілдерімен сөйлесуді бастаймыз. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Атысты дереу тоқтату. Қираған немесе үнемі атқыланатын ауылдар мен қалалардан бейбіт тұрғындарды шығаруға арналған гуманитарлық дәліздер", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959179-resei-ukraina-kelissozderinin-ekinsi-kezeni-bastaldy-foto-video/

pixel