Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

Опубликовано:

ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты деп хабарлайды Ақорда.

Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.

ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес
Фото: Ақорда

Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті. 

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның вице-президентін қабылдаған болатын.

Әңгімелесу барысында олар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959371-toqaev-ulttyq-qauipsizdik-pen-quqyqtyq-tartipti-qamtamasyz-etu-zoninde-kenes-otkizdi/

pixel