Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілістің екі депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

Опубликовано:

Мәжіліс
Көрнекі фото: parlam.kz

Бүгін, 4 наурыз күні Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті деп хабарлайды комиссияның ресми сайты.

Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Асылбек Смағұлов және Шавхат Өтемісов отырысқа Ақтөбе облысындағы іс-сапар барысында қатысты.

Отырыста Ортсайлауком мүшелері келесі қаулыларды қабылдады:

1. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Файзолла Қаменұлы Қаменовтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы;

2. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Николаевич Решетниковтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы.

Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ф.Қ. Қаменовтің және С.Н. Решетниковтің өтініш берулеріне байланысты олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп қаулы етті.

Қаменов және Решетниковтің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдар Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959381-mazilistin-2-deputatynyn-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatylady/