Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей ел аумағында Facebook желісін толық бұғаттады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресей Федерациясының Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі елдегі Facebook жұмысын толық бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Мекеменің ресми сайты 2020 жылдың қазан айынан бастап Facebook желісінде ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды кемсітудің 26 жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Сондай-ақ, соңғы күндері әлеуметтік желі "Звезда" телеарнасының, "РИА Новости", Sputnik, Russia Today ақпараттық агенттіктерінің және "Лента.ру" мен "Газета.ру" ақпараттық ресурстарының қызметін шектегені айтылады. Аталған шектеулерге РФ федералды заңымен тыйым салынған.

Сол себепті, Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет Ресей аумағында Facebook желісін толық бұғаттауды дұрыс деп тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959388-resei-el-aumagynda-facebook-zelisin-tolyq-bugattady/

pixel