Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

НАТО: Украинадағы жағдай шиеленісіп, құрбандар саны артуы мүмкін

Опубликовано:

НАТО ұйымы
Көрнекі фото: pixabay.com

НАТО-ның басшылары алдағы уақытта Украинадағы жағдай шиеленісуі мүмкін деп есептейді. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Столтенбергтің сөзінше, НАТО (Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы- ред ) басшылары Украинадағы қақтығыстың ушығуы жалғасады деп санайды. Бұл құрбандар санының өсуіне әкеледі.

Олар бұл пікірге Солтүстік Атлантикалық ұйым елдерінің СІМ басшыларымен өткен отырысынан кейін келген.

"Бүгінгі жағдай ары қарай шиеленісуі мүмкін: құрбандар саны артады, азап көбейеді", - деді бас хатшы.

Айта кетейік, осыған дейін Владимир Путин Германия канцлерімен телефон арқылы сөйлескен еді. Одан бөлек, Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен келіссөздердің үшінші кезеңі алдағы күндері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959389-nato-ukrainadagy-zagdai-sielenisip-qurbandar-sany-artuy-mumkin/

pixel