Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыстық санкциялар Қазақстанға әсер ете ме: Үкіметте кеңес өтті

Опубликовано:

Үкімет үйі
Фото: primeminister.kz

Кеше, 4 наурыз күні, Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасы қалай әсер етуі мүмкін деген тақырыптар төңірегіндегі мәселелер талқыланды.

"Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды", — деді АХҚО басқарушысы Келімбетов.

Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959435-batystyq-sankciyalar-qazaqstanga-aser-ete-me-ukimette-kenes-otti/

pixel