Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Германия канцлеріне Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші кезеңі қашан өтетінін айтты

Опубликовано:

путин
Фото: РИА Новости / Алексей Никольский

Германия үкіметі баспасөз қызметінің сайтында канцлер Олаф Шольц пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Екі ел басшысының әңгімелесуі шамамен бір сағатқа созылған. Неміс канцлері Украинадағы ахуалға қатысты алаңдаушылық білдірген.

"Ол (Шольц) Ресей басшылығын барлық ұрыс қимылдарды дереу тоқтатып, даулы аймақтарға гуманитарлық дәліз ашуға рұқсат беруге шақырды", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Владимир Путин Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі осы демалыс күндеріне жоспарланғанын мәлімдеген.

"Президент Путин канцлерге Ресей мен Украина осы демалыс күндері келіссөздердің үшінші кезеңін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, олар жақын уақытта қайтадан телефон арқылы сөйлесуге келіскен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі жақын арада өтуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Ал Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі 3 наурызда Беларусь мемлекетінде өткен болатын.

2,5 сағатқа созылған жиында Ресей мен Украина қиян-кескі ұрыс аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздер ашу, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу мәселесі жөнінде келісімге келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959494-putin-germaniya-kanclerine-resei-ukraina-kelissozderinin-usinsi-kezeni-qasan-otetinin-aitty/

pixel