Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланды (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезі. Фото: t.me/bort_01

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суретін жариялады.

"Фотода Қазақстанның болашақ президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. Бейжің қаласы, 1986 жыл", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жазбаға қосымша жарияланған видеодан президенттің жас спортшымен үстел теннисін ойнап жатқанын байқауға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1979 жылы сенбілікте түскен суретін жариялаған болатын.

Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959546-aleumettik-zelide-toqaevtyn-zas-kezindegi-sureti-zariyalandy-foto/

pixel