Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент еліміздің екі ірі қаласында биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев.Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне сай тұрғын үй кешендеріне жақын жерден биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды", - делінген Берік Уәлидің Facebook-тегі хабарламасында.

Сондай-ақ, бүгін, 6 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған құжатпен толығырақ 7 наурыз күні Ақорда сайтынан танысуға болады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суретін жариялағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959623-prezident-elimizdin-eki-iri-qalasynda-biik-uilerdi-tygyz-saludy-toqtatuga-tapsyrma-berdi/

pixel