Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық ауыс-түйістер болды

Опубликовано:

Шенеунік11
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент қол қойған тиісті өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;

Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 7 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы және әскерилерді запасқа шығару және жастарды әскерге шақыру туралы жарлықтарға қол қойған болатын.

Сондай-ақ, президент еліміздің әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959653-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-is-qimyl-agenttiginde-kadrlyq-auys-tuiister-boldy/

pixel