Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан алып шығуға атсалысқан дипломаттарды марапаттамақ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президент баспасөз қызметінің ресми Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады", - деп мәлімдеді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Оның сөздерінше, әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілген.

Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр. 

"Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды", - дейді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 7 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы және әскерилерді запасқа шығару және жастарды әскерге шақыру туралы жарлықтарға қол қойған болатын.

Сондай-ақ, президент еліміздің әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959667-toqaev-qazaqstandyqtardy-ukrainadan-alyp-syguga-atsalysqan-diplomattardy-marapattamaq/

pixel