Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киевте қаламын": Зеленский үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Зеленский
Видеодан кадр: instagram.com/op_ukraine

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жаңа үндеуі шықты. Видео оның кеңсесінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Міне, кешкі Киев, біздің кеңсе. Дүйсенбі, кешкі уақыт. Бүгін біздің күресіміз бен қорғанып жатқанымыздың 12-кеші. Барлығы орнында және жұмыс істеп жатырмыз. Әрқайсысы айтылған жерде болу керек. Мен Киевтемін, командам да өзіммен бірге", - деді Украина президенті.

Сонымен қатар, Зеленский Киевте қалатынын жеткізді.

"Мен Киевте қаламын. Тығылмаймын және ешкімнен қорықпаймын. Бұл соғыста жеңіске жету үшін қанша қалу керек болса, сонша қаламын", - деді Владимир Зеленский.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында АҚШ Украина президентіне Киевтен Львовқа көшуді ұсынған болатын. Кейінірек The Times газетінде Зелинскийге бір апта ішінде үш рет қастандық жасалғаны туралы ақпарат жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959709-kievte-qalamyn-zelenskii-undeu-zasady-video/

pixel