Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аманжол Әлтай мәжіліс депутаты ретінде Қазақстан халқына ант берді

Опубликовано:

Аманжол Әлтай
Аманжол Әлтай. Видеодан кадр: youtube.com / ҚР парламент мәжілісі

Жақында депутат атанған айтыскер ақын Аманжол Әлтай мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді Аманжол Әлтай.

Айта кетейік, Аманжол Әлтай белгілі айтыскер ақын. Ол республикалық және халықаралық айтыстарда жеңімпаз атанған. Одан бөлек, филолог-ғалым.

Еске сала кетсек, бұған дейін Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәжіліс депутатының бос мандатын ақын Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын.

"Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", - деген еді Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959812-amanzol-altai-mazilis-deputaty-retinde-qazaqstan-xalqyna-ant-berdi/

pixel