510 теңге: Елімізде доллардың ресми бағамы тағы шарықтады
Опубликовано:

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллар бағамы 6,21 теңгеге қымбаттап, 510 теңгені құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Елдегі валюта айырбастау нүктелерінде доллар 511,5-517,5 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының ақша айырбастау орындарында доллар құны 517,5 теңге.
Nur.kz сайтының ақша айырбастау парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сату-сатып алу 517,50-520 теңге және 504-514 теңге аралығында тұрақтап тұр.
Айта кетерлігі, Ұлттық банк рубльге қатысты 4,16 теңге көлемінде ресми курс бағамын бекітті.
Еске салсақ, доллардың шарықтау шегі 525 теңгеге дейін барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959892-510-tenge-eldin-qor-birzasynda-dollar-bagasy-tagy-saryqtady/