Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы аяқталды: Елдің жаңа басшысы кім

Опубликовано:

Президент сайлауы
Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Оңтүстік Кореяның ұлттық сайлау комиссиясы елдегі президенттік сайлаудың аяқталғанын мәлімдеді. Алдын-ала мәлімет бойынша, консервативті оппозициялық "Азаматтық күш" партиясының кандидаты Юн Сок Ель жеңімпаз атанған.

РИА Новости дерегінше, Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 9 наурыз күні өткен. Елдің 44 миллионнан астам тұрғынының 34 миллионы аталған маңызды шараға қатысқаны белгілі болды. Бұл жалпы сайлаушылардың 77,1%-ы.

Президент сайлауында екі үміткердің арасында бәсекелестік көрінді. Оның бірі Біріккен демократиялық партияның кандидаты Ли Джа Мен. Ал екіншісі "азаматтық күш" консервативті партиясынан сынға түскен - Юн Сок Ель.

100% дауыстың Юн Сок Ель 48,56%-ын жинаса, Ли Чжэ Мён басты қарсыласынан аз дауыс қана қалып қойды. Ол сайлаушылардың 47,83%-ына ие болған.

Осылайша, оппозиционер Юн Сок Ель Оңтүстік Кореяның жаңа президенті атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959959-ontustik-koreyada-prezident-sailauy-ayaqtaldy-eldin-zana-bassysy-kim/