Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Опубликовано:

мәжіліс
Фото авторы: Ж.Жұмабеков/parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясының кезектен тыс XXII съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда жаңа реформалардың бағдарламасын жариялайтынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960171-mazilis-toragasy-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysyn-saqyru-turaly-okimge-qol-qoidy/

pixel