Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды

Опубликовано:

Сайлау1
Көрнекі фото: pixabay.com

Түрікменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды. 12 наурыз күні таңғы 7:00-де республика бойынша дауыс беру үшін 2577 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, мемлекетте 3,43 миллион адам дауыс беру құқығына ие.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық санитарлық-профилактикалық шаралар қабылданып, 300-ден астам учаскеде инновациялық зарарсыздандыру құралдары орнатылған.

Сайлау барысын 2 726 ұлттық бақылаушы, сонымен қатар ТМД елдерінен бақылаушылар миссиясы қадағалап отырады.

Президенттікке үміткер ретінде 9 адам тіркелді. Үш кандидатты саяси партиялар, алты кандидатты ынталы азаматтар топтары ұсынған. Дауыс беру 19:00-де аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960365-turikmenstanda-kezekten-tys-prezidenttik-sailau-bastaldy/

pixel