Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирактағы АҚШ бас консулдығы ауданына бірнеше зымыран құлады

Опубликовано:

Зымыран
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен түні Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль қаласында АҚШ-тың бас консулдығы ауданына бірнеше зымыран құлады. Ақпаратты Ирактағы Күрдістан билігі растаған, деп хабарлайды DW мемлекеттік ақпараттық агентікке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, мемлекеттік телеарнаның Ирактағы Күрдістан денсаулық сақтау министріне сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыстан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Ирактың бұқаралық ақпарат құралдары Иран аумағынан алты баллистикалық зымыран ұшырылған деген болжам жасап отыр.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ-тың бас консулдығы маңында орналасқан Kurdistan24 Ирак телекомпаниясы болған жайттан кейін эфирге шығып, студия еденінде жатқан шағылған әйнектер мен сынықтарды көрсеткен.

Сондай-ақ, жергілікті журналист Мустафа Саадун өзінің Twitter парақшасында оқиға орнынан видео жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960420-iraktagy-aqs-bas-konsuldygy-audanyna-birnese-zymyran-qulady-video/

pixel