Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зүлфия Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Зүлфия Сүлейменова
Зүлфия Сүлейменова. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған парламент мәжілісінің депутаты болған.

Еске сала кетсек, бүгін, 14 наурызда мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тоқтасуновтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды бірауыздан қолдап, дауыс берген еді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің сөзінше, Amanat партиясынан Зульфия Сүлейменова және Қазақстан халқы ассамблеясынан Владимир Тохтасунов мәжіліс депутаты міндетін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960621-zulfiya-suleimenova-ekologiya-geologiya-zane-tabigi-resurstar-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel