Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Ресей-Украина арасындағы кезекті келіссөздерден фото жарияланды

Опубликовано:

Подоляк
Фото: Twitter/Михайло Подоляк

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter желісіндегі парақшасында онлайн форматта өтіп жатқан Украина-Ресей келіссөздерінен фото жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тараптар нақтыланған ұстанымдарын белсенді түрде білдіруде. Әңгіме жалғасып жатыр, бірақ қиын. Дау-дамайдың себебі - әртүрлі саяси жүйелер", - деп жазды Подоляк.

Сондай-ақ, ол келіссөздер барысында атысты тоқтату, Ресей әскерін дереу шығару және қауіпсіздік кепілдігі сынды мәселелер талқыланатынын хабарлады.

Еске сала кетсек, 8 наурызда Беларусь мемлекетінің аумағында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі аяқталған болатын.

Сонымен қатар, 10 наурызда Түркияның Анталия қаласындағы дипломатиялық форум аясында Ресей мен Украинаның Сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізген еді.

Сол кезде Украинаның СІМ Дмитрий Кулеба тараптар әзірге атысты тоқтату туралы келісімге келе алмағанын айтқан болатын.

Ал Ресейдің СІМ Сергей Лавров Украина шиеленісті реттеу бойынша ресейлік жобаны талқылауға алғанын, сол бойынша кері жауап берілетінін айтты.

Одан бөлек, Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдегенін жазған едік.

Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу хабарлады. Оның сөзінше, Түркия Ресей мен Украина президенттерінің кездесуін ұйымдастыру үшін бар күшін салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960664-zelide-resei-ukraina-arasyndagy-kezekti-kelissozderden-foto-zariyalandy/

pixel