Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстаннан қолма-қол шетел валютасы мен алтын құймаларын әкетуге тыйым салды

Опубликовано:

Алтын
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында президент төменде көрсетілген қаулыға қол қойды:

"1. Қазақстан Республикасынан:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.  

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын", - делінген құжатта.

Жарлық ресми жарияланған күннен яғни 14 наурыздан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960680-toqaev-qazaqstannan-qolma-qol-setel-valyutasy-men-altyn-quimalaryn-aketuge-tyiym-saldy/

pixel