Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына жолдау жасайды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Ертең, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында хабарлады.

"Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.

Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ "БОРТ N1" Тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Amanat партиясының кезектен тыс XXII съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда жаңа реформалардың бағдарламасын жариялайтынын мәлімдеген еді.

Сонымен бірге, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960757-toqaev-16-nauryzda-qazaqstan-xalqyna-zoldau-zasaidy/

pixel