Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылығында кадрлық ауыс-түйіс жасалды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылығында кадрлық ауыс-түйіс жасады. Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген президент қол қойған құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының бірқатар елдегі Төтенше және өкілетті елшілерін ауыстыру туралы бірнеше жарлыққа қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960868-toqaev-qazaqstan-qaruly-kusterinin-qolbassylygynda-kadrlyq-auys-tuiis-zasady/

pixel