Бүгін президент Қазақстан халқына жолдау жасайды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін, 16 наурыз күні, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президенттің жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылады.

Сонымен қатар, Тоқаев қаңтар оқиғасын тергеудің алдын ала деректерін жария етеді деп күтілуде.

Жолдау трансляциясы сағат 11:00-де "Еуразия бірінші арнасы" мен "Хабар 24" республикалық телеарналарынан көрсетіледі.

Одан бөлек, Ақорданың "БОРТ №1" Telegram каналы да жиыннан жедел хабар таратады.

Еске сала кетсек, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960942-bugin-prezident-qazaqstan-xalqyna-zoldau-zasaidy/