Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақ үй Ресейдің Байденге қарсы санкциясына пікір білдірді

Опубликовано:

Джен Псаки
Джен Псаки. Видеодан кадр: instagram.com/whitehouse

Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки Ресейдің санкциясына ілінген АҚШ басшылығы бұл елге баруды жоспарламағанын хабарлады, деп хабарлайды Global News.

Брифинг барысында Псакиге "Ресейдің АҚШ президенті Джо Байден мен басқа да лауазымды америкалық шенеуніктерге қатысты салған санкциясын Ақ үй қалай қабылдады" деген сауал қойылды.

Псакидің сөзінше, олардың ешбірі Ресейге саяхаттауды жоспарлап отырған жоқ.

"Біз Ресейге туристік саяхатты жоспарлаған жоқпыз. Сондай-ақ, ешбірімізде қол жеткізе алмай қалатын банк шоттары жоқ. Сондықтан, алға қарай жылжитын боламыз", - деді Ақ үйдің ресми өкілі.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей АҚШ-тың лауазымды тұлғаларына қарсы санкциялар енгізген болатын. Тізімге ел президенті Джо Байден, мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен және басқа да лауазымды шенеуніктер кірген.

Еске сала кетейік, Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың төртінші пакетін ұсынған еді. Енді Ресей Федерациясының аумағына Еуропадан құны 50 мың еуродан жоғары автокөліктерді экспорттауға, сондай-ақ болат өнімдерінің бір бөлігін импорттауға тыйым салынады.

Сонымен бірге, санкция салынған жеке және заңды тұлғалардың тізімі кеңейді. Олардың қатарында Роман Абрамович, Сулейман Керимов, "Альфа-групп" негізін қалаушылар Герман Хан мен Алексей Кузьмичев, "Яндекс" басқарушы директоры Тигран Худавердян және басқалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960952-aq-ui-reseidin-baidenge-qarsy-sankciyasyna-pikir-bildirdi/

pixel