Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев президент туыстарының басшылық қызметке келуіне заңмен тыйым салынатынын айтты

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында президент туыстарының басшылық қызметтер атқаруына тыйым салынатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысы елдегі барлық азаматтар теңдігінің кепілі болуы тиіс.

Сондықтан, Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік лауазымдарды иеленуіне және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметке келуіне заңмен тыйым салынады", - деді Тоқаев жолдау барысында.

Айта кетелік, бүгін Қазақстан президентінің халыққа жолдауы өтіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын айтты.

"Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол бұл өзгерістерді жұртқа жағыну үшін жасамайтынын айтты.

"Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960985-toqaev-prezident-tuystarynyn-bassylyq-qyzmetke-keluine-zanmen-tyiym-salynatynyn-aitty/

pixel