Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңа облыс орталығына Қонаев есімін беруге қарсы емес екенін жеткізді

Опубликовано:

Дінмұхамед Қонаев
Фото: 6alash.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруге қарсы емес екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты.

Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деген ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын екіге бөлу туралы ұсынысын айтқан болатын.

"Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп.

Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады.

Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961009-toqaev-zana-oblys-ortalygyna-qonaev-esimin-beruge-qarsy-emes-ekenin-zetkizdi/

pixel