Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Мирзиеев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңейтуге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылаған.

Сонымен қатар, Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілген.

Әңгіме соңында президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтаған.

Еске сала кетсек, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен және бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.

Сондай-ақ, Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961119-memleket-bassysy-ozbekstan-prezidenti-savkat-mirzieevpen-soilesti/

pixel