Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әкімдермен жекелей кездесу өткізді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдерімен кездесу өткізгеннен кейін бірқатар облыстың әкімін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевты, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтарда былтырғы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылдың алғашқы екі айындағы даму көрсеткіштері туралы баяндалды. Әкімдер аталған облыстарға және Шымкент қаласына қатысты Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады
Фото: Ақорда

Президент халықпен жиі кездесудің, қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлердің басшыларына тұрғындарды мазалаған мәселелерді уақтылы шешу қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын күшейтуді және өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруды тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961126-toqaev-akimdermen-zekelei-kezdesu-otkizdi/

pixel