Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәлидің ШҚО әкімі болғаны туралы ақпаратты Ақорда жоққа шығарды

Опубликовано:

Берік Уәли
Берік Уәли. Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Желіде Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы қауесет тарай бастады. Ақорданың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

Ақорда Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, Берік Уәли 2019 жылдың наурыз айынан бастап мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.

Естеріңізде болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Семей аумағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды және Алматы облысын екіге бөлуді ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961264-berik-uali/

pixel