Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оман қазақстандықтар үшін виза режимін алып тастады

Опубликовано:

Оман
Көрнекі фото: pixabay.com

Оман Сұлтандығы Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптардың күшін жояды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында.

"1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады.

Егер ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеу қажет", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған, бұл қағидарларды бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шарасы қолданылатынына назар аудару керек.

Осыған байланысты бұл елге кіру қағидарлармен Оман әуежайының сайтында осы сілтеме бойынша танысуға болады:

Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.

Еске сала кетсек, Жапония билігі Ресейге қарсы санкциялар жариялады, оның аясында кейбір ресейлік азаматтарға виза беруді тоқтатқан болатын.

Бұл шара нақты қандай Ресей азаматтарына әсер ететіні хабарланбаған.

Украинадағы қақтығыстардың басталуына байланысты Жапония премьер-министрі Фумио Кишида ресейлік қаржы институттарының да активтерін бұғатталатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ олар Ресейге жартылай өткізгіштер мен басқа да тауарларды экспорттауға шектеу қояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961327-oman-qazaqstandyqtar-usin-viza-rezimin-alyp-tastady/

pixel