Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада экс-министр Біртановтың ісіне қатысты кезекті сот тыңдалымы өтті

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов онлайн сот отырысы кезінде. Кадр: NUR.KZ

Бүгін, 17 наурызда Нұр-Сұлтанда экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна дерегінше, сот отырысында прокурор Жангелді Есебаев істің прокуратураға қайтарылуы сот ережесіне қарсы екенін айтқан.

"Жоғарғы Соттың нормативтік құқықтық актілерінде істі прокурорға қайтару үшін негіздердің тізімі бар екеніне назар аударамын. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірде-бір бабында күдіктінің бас тартуына шағымдану кезеңінде қылмыстық істі сотқа жіберуге тыйым салу қарастырылмаған. Ондай ереже де жоқ",- деді ол.

Өз кезегінде бұрынғы министр прокурор келтірген дәйектердің бәрі жалған екенін мәлімдеді. Елжан Біртановтың адвокаттары тергеушілер мен прокуратура қызметкерлері осы іске себепші болған платформаға қатысты құжаттар ағылшын тілінде жазылғандықтан таныспағанын айтады.

"Бізді айыптаушы тарап аудармаға қарсы болса, құжатта не жазылғанын түсіну үшін барлығымыздың істі ары қарай ағылшын тілінде жалғастыруымызға тура келеді. Онда платформаның жұмыс істеп тұрғаны анық айтылған. Құжатты аударудан бас тартқан прокуратура мен тергеушілердің әрекеті заңсыздық. Осыны ескеруді сұраймын",- деді экс-министр.

Сот отырысы ертең де жалғасады.

А. Данияр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961352-birtanov-tergeusiler-men-prokurorlar-quzat-agylsyn-tilinde-zazylgandyqtan-tanyspagan/

pixel